Спорт

Головкин жарақат алды: Поляк боксшысымен жекпе-жек кейінге қалдырыла ма?

Головкин жарақат алып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ESPN.com орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, алдағы жекпе-жегін кейінге қалдырғанын хабарлады. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Осы себепті GGG командасы IBF ұйымынан белбеуді міндетті қорғау мерзімін ұзартуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадийдің міндетті қарсыласы поляк Камил Шеремета болуы тиіс еді.

Badlefthook.com мәліметінше, Шереметамен айқас енді мамыр немесе маусымда өтеді. Әуелі ол 29 ақпанға жоспарланған еді, кейін 28 наурызға, одан 11 сәуірге ауыстырылды.

DAZN стримингтік сервисінің өкілі Головкин-Шеремета жекпе-жегі үшін басқа күн іздеп жатқандарын растады. Промоутер Том Леффлер түсініктеме беруден бас тартты.

Айта кетейік, Геннадий жарақат алғаннан кейін жекпе-жекке дайындалып жатқан SNAC System оқу-жаттығу лагерінен кетуді ұйғарды.

sputniknews.kz