Weekend

Түрікменстан президенті ақалтеке жылқысын коронавирустан емдеді

Ерекше оқиға...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркіменстанның Денсаулық сақтау министрлігі ерекше оқиғаны тіркеді. Әлем бойынша коронавирус ауруын жұқтырған жалғыз ақалтеке жылқысына (лақап аты Алмаз) ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедов мінгеннен кейін ол жазылып кеткен, деп жазады panorama.pub.

- Бұл керемет, бірақ біз бұл ғажайыпқа таңқалмадық. Құрметті Сердар Гурбангулы Мяликгулиевич Бердімұхамедов 16 жасында елдегі медицина докторы атанғаны бекер емес. Бізге қытайлық Ухань тұрғындарынан ондаған өтініш келіп түсті. Өкінішке орай, оның жұмыс кестесі тығыз. Бірақ біз гуманитарлық көмек ретінде Қытайға басшымыздың қолы қойылған «Ақалтеке – біздің мақтанышымыз және даңқымыз» атты кітабын 6000 данамен эпидемияны жеңу үшін жібердік, - деді президенттің өкілі Эмомали Гурбанзолтанов.

Ашхабад орталығы бойынша Қытайдан келген туристерді тасымалдаған жылқы 2019-nCoV штамының коронавирусын жұқтырып алған. 

Ветеринарлар жылқының 39,4 градусқа дейін ыстығы көтеріліп, тыныс алуы және жүрек соғу жиілігі жоғарылағанын, жылқыны шұғыл ауруханаға жатқызғанын атап өтті. Қан анализінде 2019-nCoV коронавирус штаммы бар екендігі анықталды. Алмазды (жылқының лақап аты) бірнеше күн емдегенмен нәтижесіз болған.  Нәтижесіз әрекеттен кейін түрікмен халқының көшбасшысы оқиға туралы естіп, Г.Бердімұхамедов жылқы жатқан арнайы жерге келіп, 2 сағат бойы аурухананы аралап шыққан.

Ал кешке қарай дәрігерлер Алмаздың өмірлік маңызды көрсеткіштерінің толықтай тұрақтанғанын, яғни жазылғанын тіркеген. Келесі күні ол тағы да Түрікменстан астанасында туристерді тасыған.