Hi-Tech

2021 жылы космосқа турист ұшыру жайлы келісімге SpaceX компаниясы қол қойды

Туристтерді ғарышқа Crew Dragon ғарыштық кемесімен тасымалдау жоспарланған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

SpaceX компаниясымен Space Adventures американдық ғарыш туристік компаниясы төрт туристті космосқа ұшыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Space.com. Туристтерді ғарышқа Crew Dragon ғарыштық кемесімен тасымалдау жоспарланған.

"Ұшыру миссиясы 2021 жылдың соңына жоспарлануда. Туристтер ғарышта 5 күн жүреді. Саяхат аясында халықаралық космос станциясымен түйісу болмайды. Бұл тарихи миссия ғарышқа ұшуды армандайтын барлық адамдарға мүмкіндік", – деп мәлімдеді SpaceX президенті және бас операциялық директор Гвинея Шотвелл.

Ұшу құны әзірге белгісіз. Оның алдындағы ғарышқа ұшу құны туристтер үшін ондаған миллион долларды құраған.