Hi-Tech

Смартфоныңызға қауіпті қосымшалар тізімі

Смартфоныңызға қауіпті қосымшалар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Group-IB Компьютерлік сот-медициналық зертханасының орынбасары Сергей Никитин lenta.ru  сайтына берген сұхбатында смартфонға жүктеген жағдайда  қауіпті болатын қосымшаларды атады.

Ол алдымен соңғы кезде көп жүктеліп жүрген Get contact  қосымшасын атап өтті.

 "Бұл спам-қоңырауларды оқшаулайтын қосымшалар. Белгілі компаниялар жасаған, бірақ кіріс қоңыраулары туралы деректерді алады. Әрине, бұл мәліметтер ешкімге берілмейтінін мәлімдейді, бірақ олардың серверлеріне бұл мәліметтер түседі", — деді Никитин.

Сондай-ақ, компьютерді қашықтан басқару қосымшасын смартфонға қоймаңыз. Алаяқтар жиі оларды пайдаланушылардың банктік деректерін алу және олардың шоттарынан ақша қаражатын ұрлау үшін пайдаланады.

Балалар бақылауына арналған қосымшаларды (оның ішінде орналасқан жерін қадағалау) Никитин ешқашан орнатпауға кеңес береді.

Сарапшы Android-та қосымшаларды Google Play ресми дүкенінен ғана орнатуға болатынын атап өтті.

Бұған дейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров WhatsApp мессенджерін пайдалану неге қауіпті екенін айтты. Оның айтуынша, пайдаланушылар бұлт қоймасында өздерінің жазбаларының сақтық көшірмелерін жиі сақтайды, бұл ретте шифрленбейді. Және whatsapp желісі  telegram желісіне қарағанда көп  жадыны алатынын айтқан.