Weekend

Сіз туралы сіз білмейтін ақпарат

Сіз туралы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамдардың жаратылу структурасы бір болғандықтан, олардың ойлау жүйесінен басқа организмнің даму заңдылықтары бірдей болып келеді. Ендеше сіздің назарыңызға сіз білмейтін сіз туралы қызықты ақпараттарды ұсынамыз.

Кез келген ағза үшін 1 рет 8 сағат ұйықтағаннан гөрі, 2 рет 4 сағаттан ұйықған пайдалы.

Адам таңертең күні бойына қарағанда 1 см-ге ұзын болады. Себебі күндіз қозғалғандықтан буындар жиырылады.

Үйдегі шаң-тозаңның көп бөлігі - адамның өлген тері қабаттары.

Ең сезімтал саусақ - сұқ саусақ.

Адам ағзасы 1 секундта 15 млн. эритроцитерді қандағы қызыл түйіршіктерді тудырып, жояды.

Тым қатты тойып тамақтанғанда құлақтың есту қабілеті уақытша нашарлайды.

Сіз ұйықтайтын бөлме неғұрлым салқын болса, жағымсыз түстер көру ықтималдығы соғұрлым артық болады.

Адам терісінің сыртқы бөлігіндегі  ағзалардың саны жер бетіндегі адам санынан көп.