Саясат
Демпартиянының билікке қоятын талаптары бар
Партия басшысы халықты 22 ақпан күні сағат 11:00-ге Астана алаңына шақырды.
Аталмыш партияның билікке қоятын талаптары да жеткілікті. Олар:
- Саяси реформалар;
- Саяси тұтқындарға бостандық;
- Қордай трагедиясы туралы ашық зерттеу шаралары (толыққанды зерттеу).
Сонымен қатар ол биліктен Демпартияны қабылдауды талап ететіндіктерін айтты. Партия жетекшісі халықты биліктен қорықпауға шақырды. Оның айтқанына сәйкес, конституцияда бейбіт митингіге рұқсат етілген. Сонымен қатар қарусыз өтетін митинг халықаралық нормаға негізделген.
Айта кететін жайт, Жанболат Мамай партия құрудан бас тартпағанын, оның құрылғанын, бар екенін айтты. Оның айтуынша, олардың ниеті адал, бейбіт митингіге шығу ғана.
Жанболат Мамайдың мақсаты – 22 ақпан күні өтетін бейбіт шеруде 10 000-нан аса адамды жұмылдыру. Себебі биліктің шамасы көп мөлшердегі адамға жетпейді екен.
«Тәуелсіздік сақтау үшін бүгін әрекет ету керек. Назарбаев жүйесінен құтылуға мүмкіндік туды. Қазақстанның қожайыны – біз, қарапайым халық», - деді ол тікелей эфирде.
Жанболат Мамай халықты ашық түрде бейбіт шеруге шақырды.
«Алаңға шығуға дайынмын. Сіздерді алаңға шығуға ашық түрде шақырамын. Сіздер үшін жауапкершілік алуға да дайынмын. Билік сіздерді емес, мені соттасын. Біз әділеттілікті талап етеміз»,- деді ол.
Партия жетекшісі сөзін «Митингіде көріскенше!» деп аяқтады.