Weekend
Бүгін Соник кірпінің басынан кешкендері, отбасылық өмірді баяндайтын отандық комедианттардың хикаясы, Харрисон Фордтың итпен достығы көрсетілген драма және басқа да фильмдер шықты
«Соник Кірпі»(«Соник в кино»/«Sonic the Hedgehog»)[6+]: компьютерлік графика мен шын актерлердің ойыны араласқан картина. Зұлым кейіпкерді Джим Керри ойнайды.
Сюжетіне әйгілі видеоойын арқау болған. Әділ полицей Том бір күні Соник деген ұшқыр көк кірпіні кездестіреді. Екеуі зұлым жоспар құрған доктор Эггманды тоқтатпақшы.
«Гудбай, мой бай 2»[12+]: 2018 жылы шыққан отандық «Гудбай, мой бай!» комедиясының жалғасы.
Сюжетте төрт достың өмірі мен бастан кешкен оқиғалары баяндалады.Басты рөлдерде - Сәбит Рахымбаев, Дәуіт Шайхисламов, Азим Саидбаев, Нұрдәулет Шертім.
«Табиғат үні» («Зов предков» / «The Call of the Wild») [6+]: басты рөлде Харрисон Форд ойнаған қызық оқиғалы картина. Сюжетке Джек Лондонның повесі арқау болған.
Бэк деген адал иттің қалыпты өмірі бір күнде өзгеріп сала береді. Калифорниядағы ранчодан Алясканың қатал табиғатына тап болып, аман қалу үшін күн сайын табиғат күшімен және адамдармен арпалысуына тура келеді.
«Саймонның соңғы өмірі» («Милый друг» / «La dernière vie de Simon») [12+]: француздың фантастика элементтері отбасылық мелодрамасы.
Фильмде ерекше қабілетке ие Саймон есімді жетім туралы баяндалады. Ол кез келген адамға айнала алады, тек қалаған адамына қолын тигізсе болғаны. Бір күні осы қабілеті мен жақын адамын табу ниеті оны жалған әрекетке алып келеді.
«Әкеңе келе ғой» («Иди к папочке» / «Come to Daddy») [18+]: Элайджа Вуд ойнаған триллер.
Сюжетте Норвал есімді жігіт 30 жыл көрмеген әкесінен шақырту алады. Әке теңіз жағасында, орман ішіндегі үйде тұрады. Шақырғанына қарамастан ол Норвалды көргеніне аса қуаныш таныта қоймайды. Ұл кері қайтпақшы болғанда күтпеген оқиға болады.
Сондай-ақ, «Пушистые мошенники» («Latte & The Magic Waterstone») мультфильмі мен «Западня для дьявола» («In the Trap»)хорроры шықты.