Саясат

90 млн теңге: Айыпталушы шенеунік ақталып шықты

90 млн теңге пара алды деп айыпталған шенеунік ақталып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаяқтық бабы бойынша істі болған Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова сотта ақталып шықты.

Ол 90 миллион теңгеге жуық пара алды деп айыпталған болатын. Шенеунікпен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Гүлайым Нұрмұханова да қамауға алынған еді. Тергеу материалында олар «баспана алып береміз» деп 50-ге жуық адамды алдады» деп көрсетілген.

Сот кезінде Жанаргүл Дүйсекенова «прокурор таққан айыпты негізсіз» деп мәлімдеді. Сот та оның бұл іске қатысы бар екендігін дәлелдейтін айғақтың жоқтығын айтып, сот залынан босатты.

Ал кінәсін толығымен мойындаған екінші айыпталушы 6 жылға сотталды. Ол енді жәбірленушілердің шығынын да өтеуі тиіс.

Азаттық рухы