Саясат

Ерлан Қарин сынға іліккен Ұлттық кеңестің саяси ұйым еместігін айтты

«Ұлттық кеңестен бір адамның шыққаны сенсация емес»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі, ҰҚСК-нің  хатшысы Ерлан Қарин соңғы кездері сынға ілігіп жатқан кеңестің жұмысына қатысты пікір білдірді.

Оған себеп ҰҚСК-нен Бақытжан Бұқарбайдың шығуы болса керек. Сондай-ақ қоғам қайраткері Арман Шораев «егер митинг туралы заң жобасы осы күйінде қабылданатын болса, онда мүшеліктен шығамын» деп мәлімдеген еді.

«Ұлттық кеңес – саяси ұйым емес. Партия иә болмаса қозғалыс емес, консультативті орган. Бұл жерде мүшелерге қатысты бір қатаң жарғы жоқ. Сондықтан да Ұлттық кеңестен біреу шықты екен деп сенсация жасаудың қажеті жоқ», – деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.

Сонымен қатар Қарин мырза Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы жаңа кезеңге шыққанын айтады. Арзан хайпқа ұмтылмай, тер төгіп жұмыс жасау керек деді.

Бұған дейін Facebook желісінде Бақытжан Бұқарбай кеңестен шығатынын айтып, видео үндеу жариялаған-ды.

«Өкінішке қарай, министр Абаевтың ведмоствосы әзірлеген «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы президенттің тапсырмасына сай болмай шықты және ол азаматтардың мүддесіне қайшы. Бұған дейін саяси тұтқындардың әлі күнге дейін босамағанын да айта кеткен жөн. Жанболат Мамайға партия құруда тосқауылдар жасалып жатқанын көріп жүрмін. Халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді», – деген Бақытжан Бұқарбай.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 17 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі төрағалық ететін кеңестің негізгі міндеттері мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; қоғам (саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар) мен мемлекеттік мекемелер арасында диолог орнату; өзінің құзыреті аясында Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жұмыстарды атқару.

Мәлім