Weekend

Швейцария президенті өзімен бір күнде дүниеге келгендерді туған күніне шақырды

Мерейтой...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Швейцария президенті Симонетта Соммаруга сол күні және сол жылы дүниеге келген өз елінің барлық азаматтарын өзінің 60 жылдық мерейтойына шақырды, деп жазады The Local.

Салтанатты шараға қатысуға шешім қабылдаған азаматтар президент сайтына тіркеліп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберуі тиіс.

Симонетта Соммаруга 1960 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Ол Бернге жақын жерде өзінің мерейтойын атап өтпекші. Мерекенің егжей-тегжейлері жария етілген жоқ.

Мемлекет басшысымен бір күнде 260 швейцар азаматы дүниеге келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Симонетта Соммаруга Швейцария Конфедерациясының Президенті қызметіне 2020 жылдың 1 қаңтарында кіріскен болатын.