Weekend

Авторлық ертегі байқауы аяқталды

"Авторлық ертегі" байқауы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы қазан айынан бастап "Авторлық ертегі" бойынша ұйымдастырған шығармашылық байқауы аяқталды.

Байқауға барлығы 40 шақты автордан 50-ге жуық авторлық ертегі келді. Олардың арасында мектеп оқушылары жазған ертегілер де бар. Тәлім-тағлымы мол ертегілермен бірге фантастикалық ертегілер де көп болды. Ертегілер мұнан көп келгенімен, қатесі көп, нашар жазылған ертегілер жарияланған жоқ.

Байқау шарты бойынша үш айдың ішінде авторлар жазған ертегілері арқылы 50 000 bugin (b.) жинауы тиіс еді. Өкінішке орай, мұны авторлардың ешкімі жинай алмады.

Ертегі байқауын өткізудің мақсаты – кішкентай оқырмандарымызға ұсынуға лайықты заманауи ертегілер жинағын шығару болды. Соған орай, байқауға келген ертегілер сұрыпталып ертегілер кітабы түрінде жинақталып шығарылмақ. Сол кезде авторлармен байланыс жасалып, қаламақы беру мәселесі талқыланады.