Weekend
Себеп не?
Нұр-Сұлтандықтар ажырасудан алдына жан салмаса, ал Батыс Қазақстанда керісінше ажырасу аз.
БҰҰ-ның Қазақстандағы халық тұрмысы саласындағы зерттеулері біздің елімізде ажырасулардың саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын көрсетті.
Сонымен бірге, туу көрсеткіші де төмендеп бара жатқаны айтылды.
2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін республика бойынша неке саны 18 пайызға, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында – 28 пайызға төмендегені белгілі болды.
Бір қызығы, солтүстік және шығыс облыстар, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары өзгелерден жиі ажырасады – бұл өңірлерде ажырасу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары келеді.
Ажырасу ең тіркелетін аймақ – республиканың оңтүстігі мен батыс өңірі.