Әлем жаңалықтары

Жаңа Зеландияда 500 мыңнан астам мидия қырылып қалды

Тірідей пісіп қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зерттеушілердің айтуынша, мидия мұхит температурасының көтерілуінен мерт болған.

Жаңа Зеландияның Брэндон Фергюсон есімді тұрғыныелдің солтүстігінде орналасқан Маунгануи Блюф Бич жағажайынан өліп жатқан мидияларды суретке түсіріп, Facebook-ке жариялаған көрінеді. Ер адам мидиядлар мұхит суы ысып, қысым көтерілгендіктен қырылуы мүмкін деген болжам айтқан екен. 

Окленд университетінің ғалымы Эндрю Джефф бұл тұжырыммен келіседі. Ол мидия ауа-райы мен мұхитты қатты қыздырған кезде, күннің ортасында ыстық ауа-райы мен төмен толқынның салдарынан болатын жылу кернеуінен мерт болғанын түсіндірді. Сонымен қатар, зерттеушінің айтуынша, судың температурасы жоғарылағанынан, жақын арада аймақтағы моллюскалар мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

Жаңа Зеландия үкіметінің 2019 жылға арналған есебі осы теорияны қолдайды: климаттың өзгеруі теңіз температурасының жоғарылауына, жергілікті теңіз өсімдіктерінің, жануарлардың және олардың мекендейтін жерлерінің жойылуына әкеледі. Есеп бойынша 1981 жылдан 2018 жылға дейін Жаңа Зеландияның төрт мұхит аймағында теңіз бетіндегі жалпы температура әр онжылдықта 0,1-0,2 градусқа дейін көтерілген.