Көзқарас

Инстаграм қазіргі таңда...

Желі - табыс көзі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда Инстаграм желісі үлкен халықаралық бизнес платформаға айналды. Бастапқыда 25 мың тіркелуші жинаған желінің бүгінгі күні 300 миллион тіркелушісі бар. 

Ең танымал әрі қолданбалы желі тек ойын-сауық үшін ғана емес, көп оқырмандардың табыс көзіне айналған. Жалпы инстаграм - фотосурет және видео бөлісетін әлеуметтік онлайн желі. Ал қазір 21 ғасыр - ғаламтор ғасыры. 

Адамға керек деген заттың бәрі осы желілерде өмір сүреді. Яғни, адам баласы қажет нәрсесін жәй ғана қол астындағы смартфон арқылы таба алады. Тек материалдық зат қана емес, блогинг, әртүрлі тренингтар, вебинарлар адам миына ағза боп келеді. 

Дәл сол фотосуреттер арқылы тіркелушілер өздеріне, өздерінің материалдарына, бизнестеріне жақсы жарнама жасайды. Күнделікті желіде отыратын адамға ол өте қолайлы болып табылады. Бизнес парақшалармен қоса, өте пайдалы рухани парақшалар көп. Әлеуметтік желілердің өмір сүруге жеңілдік сыйлағанымен, оның өмірдің мәніне айналмағаны дұрыс.