Спорт

Мессидің кезекті рекорды

Месси Ла Лигадағы голдарының санын 400-ге жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Биыл "Алтын доп" бәсекесінде бағы жанбай, маусымның маңызды жүлделерінен шет қалған Лионель Месси кеше Ла Лигадағы голдарының санын 400-ге жеткізді. 

Испан примерасының кезекті турында "Эйбарды" қабылдаған "Барселона" қонақтарға аяушылықпен қарай қоймады. 3:0 есебімен аяқталған ойынның 53 минутында Аргентиналық аңыз қарсылас қақпасын дәл көздеп, ақыры діттеген мақсатына жетіп тынды. Сөйтіп, Месси Ла Лига тарихындағы сұрмергендер тізімінде 400 голмен көш бастап тұр. Аталған нәтижеге жету үшін Леоға 435 ойын қажет болған. Енді бұл көрсетішке жақын жылдары ешкімнің жақындай алмасы анық. Себебі, 311 голмен екінші орында тұрған Роналду бұл күндері "Ювентустің" намысын жыртып жүр. Ал, үздік бестіктегі қалған ойыншылар әлдеқашан карьерасын аяқтағандар.
Естеріңізге сала кетейік, Лионель Месси - 5 дүркін "Алтын доп", 5 дүркін "Алтын бутсы" иегері.