Денсаулық

Іштің қатуын қалай емдеуге болады?

Жылы су ішу керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Іш қату – адамдардың  көп  жария  еткісі келмейтін  нәрселерінің  бірі.

Күнделікті фаст-фуд жеп үйренген  адамдарға  үлкен дәретке 3-4 күнде  бір бару қалыпты  жағдай секілді. Норма бойынша  дені сау  адам  күніне бір рет үлкен дәретке  бару  керек.  Осы орайда  іш қатудың   жиі  кездесетін  себебін  айта  өтсек:

1. Дұрыс  тамақтанбау. Талшық,  май  немесе суды  жеткіліксіз  тұтыну.

2. Үлкен  дәретке уақтылы бармау (кейде  ауыр  геморройға байланысты). Егер сіз  өзіңізді  жиі  ұстасаңыз, бұл ішектің қозғалғыштығын  бұзады. Ішек  ақымақ  емес, неге жабық  есікті  қайта-қайта қаға берсін?

3. Физикалық  белсенділіктің  төмендеуі немесе қозғалыссыздық.

4. Көптеп  сүт өнімін пайдалану.

5. Күйзеліс.

6. Депрессия.

7. Жүктілік  кезінде.

8. Тоқ  ішектің  қатерлі  ісік  ауруы. Кейде іш қатудың  себебі ішектің жүйке  немесе  бұлшық  еттерінің әлсіреуінен  болуы  мүмкін.

Бұл  жағдайды өзгертуге болад. Бірақ қалай?

Ең  алдымен  тамақтануда  жеткілікті  түрде талшық, (клечатка),  май болуы  керек. Суды  көбірек  ішу маңызды. Таңертең  аш қарынға 200 грамм жылы су ішу қажет. Тамақтануда 20 минут бұрын және 1,5 сағаттан  кейін бір стақан су тұтынуды  әдетке  айналдырыңыз. Тәулігіне  бір  жарым литр судан  екі  литр  суға  дейін ішу. Бұл  күнделікті  талап  етілетін  минимум.

Іш өткізетін   тағамдарды қолданысқа енгізу керек. Мысалы, кептірілген жемістер, (қара өрік) қияр, кебек (отруби), тұтас  дәнді нан,  зығыр майы.

Жылдам іш өткізетін  дәрілер, препараттар пайдаланбаған дұрыс. Мүмкіндігінше күйзелістерді  болдырмау керек.