Bugin
Індет
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comИталияның Венето ауданында Венеция карнавалын өткізуге тыйым салынды.
Шараның тоқталуына коронавирустың таралып кету қаупі себеп. 23 ақпандағы мәлімет бойынша, Италияның Венето және Ломбардия провинцияларындағы 12 қалаға коронавирусқа байланысты карантин енгізілді. Италияда коронавирустан үш адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 150 адам ауруға шалдыққан. Сенбі күні Италия үкіметі екі адам қайтыс болғаннан кейін коронавируспен күрес бойынша «төтенше шаралар» қарастыратынын мәлімдеді.
Миландағы «Ла Скала» театры жексенбі күні коронавирус инфекциясына байланысты сақтық үшін жұмысын тоқтатты.