Hi-Tech

Австралия азаматы Стивен Фрайс ұшатын көлік құрастырып шықты

Австралиялық стартап Macchina Volantis жаңа жобаны қолға алып, жуырда жүзеге асырмақшы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемнің алпауыт мемлекеттері бүгінде жаңа технологияларды жасап шығаруда жарысып, тіпті бәсекеге түсіп жатыр. 

Адам санасы біз үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін дүниелерді құрастыруда. Мәселен, Австралиялық стартап Macchina Volantis жаңа жобаны қолға алып, жуырда жүзеге асырмақшы. Жеке мақсатта және көлік түрінде пайдалануға мүмкіндік беретін бесорындықты аппарат жасалады. Жаңа технологияның басты ерекшелігі - ұшатын және қонатын қасиеті. Ол арнайы бұрандалардың көмегімен көкке көтерілетін болады. Жылдамдығы сағатына 278 шақырымды құрайды деп жоспарлануда. Осы себептен де жаңа жоба "ұшатын көлік" деп аталды. Арнайы аппараттың қазіргі Airbus және Lilium компаниялары жұмыс жасап жатқан технологиямен ұқсастығы жоқ емес. Алайда, айырмашылығы жер мен көктей.

Аэрокар екі түрлі қозғалтқыштармен толықтай жабдықталған. Бұрандалар электр тартқышы және дизель отынының көмегімен айналады.Әрбір пропеллер жеке аккумуляторларға ие, осы арқылы қауіпсіздік пен сенімділіктің жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлік жайт, Стивен Фрайс барлық аэромобильдерге арнайы парашюттар орналастырмақшы. Бұл қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін ауадай қажет. Бұл ретте машинаның салмағы 1650 кг құраса, ал жолаушыларға 25 кг-ға дейін жүк алуға болады.

Macchina Volantis-тің негізін қалаушы Стивен Фрайстың айтуынша, жобаны әзірлеуге 6-9 ай керек. Қазір Фрайс тұжырымдаманы жұмысқа қосу үшін қажетті қаражатты жинаумен айналысуда.