Hi-Tech
4G-дан 20 есе жылдам жүйе туралы білесіз бе?
5G дәуірінің келуі сіздің смартфонды және өзге құрылғыларды пайдалануыңызға ықпал етеді. 2019 жылы көптен күткен технологиялық ауысым болады. Сымсыз жүйені жаңартуға бағытталған мұндай өзгеріс әр он жыл сайын болып отырады. Бірақ 5G тек смартфондарға ғана емес, видеокамераларға, өндірістік роботтарға, бір-біріне трафик туралы хабар беретін автомобильдерге де әсер етуі мүмкін. Бұл жаңа дәуір 4G деп аталатын қазіргі заманғы сымсыз технологияны жетілдіріп, адамдарға ұзақ фильмдерді сеундтарда жүктеп алуға мүмкіндік беретін мобильді интернеттің жылдамдығын ұсынады. Сонымен қатар бейне ойындар, спорт пен саудаға үлкен өзгеріс енгізуі ықтимал.
АҚШ пен Қытайдағы ресми тұлғалар 5G желілерін бәсекелестік артықшылық деп санайды. Жылдам желілер жасанды интеллект пен басқа да алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануды кеңейтуге көмектеседі. Ал құрылғы өндірушілер осы технологиямен жұмыс істейтін гаджеттерді қарастыруда. Samsung жақында Verizon және AT & T желілерінде жұмыс істейтін 5G смартфондарының прототипін көрсетті. Көптеген басқа өндірушілер олардың үлгісін ұстануға тырысуда. Сарапшылар iPhone-ның 2020 жылға дейін жаңа жүйемен пайда болмайтынын айтқан болатын. Бұған қатысты Apple компаниясының өкілі түсініктеме беруден бас тартқан.
5G - ұялы байланыс желісінің жұмысын, оның ішінде пайдаланылатын радио жиіліктерді және компьютерлік чиптер мен антенналар сияқты әртүрлі компоненттерді, радио сигналдарын өңдеуді және деректерді айырбастауды анықтайтын техникалық негізгі ережелер жиынтығы. Алғашқы мобильді телефондар жасала бастаған 1970 жылдан бері бірнеше компанияның инженерлері бас қосып, әр он жыл сайын ұялы байланыс желілеріне арналған жаңа жүйелер жасап отыруға келіскен. 5G артықшылықтарын пайдалану үшін қолданушылар жаңа телефондар сатып алуы керек және жылдамырақ қызмет көрсету үшін операторларға жаңа жүйені орнату қажет болады.
Сымсыз микросхемалар өндіруші Qualcomm компаниясы 5G жылдамдығын секундына 4,5 гигабит, бірақ бастапқы орташа жылдамдық шамамен 1,4 гигабит деп болжап отыр. Бұл қазіргі 4G жүйесінен 20 есе жылдам.
5G жылдамдығы сапалы видеоларда ерекше байқалады. Qualcomm компаниясы 4G үшін 6 минут уақыт алатын орташа жылдамдықтағы әдеттегі фильмді жүктеуге 5G-де 5 секунд жұмсалатынын айтуда. Samsung компаниясының аға вице-президенті Джастин Денисон: «Мысалы, әуежайға барар алдын сүйікті телешоудың маусымын жүктеп алудың орнына, оны енді ұшаққа отырғызу кезінде істей аласыз»,-деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, 5G жоғары жылдамдықты қажет ететін медицина саласына және басқа жерлерге де таралуы мүмкін.