Саясат

Тірлікте дос қанжарынан абай бол

Дос қанжары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұзақ тіршілік сапарында адам не көрмейді? Адам қоғамда жасайды екен, басына талай іс түсіп, талай іс кетеді, бірақ, соның ішінде ең қорқыныштысы досыңның қас қылып қанжар сілтеуі. Өйткені, досың болғандықтан сен одан күмәнданбайсың, сақтанбайсың; досың болғандықтан, ол сенің жанды жеріңді біледі, сондықтан, сілтеген қанжары өлер жеріңді дәп басып дәл табады, ол досың болғандықтан әрине ту сыртыңнан қол жұмсайды. 

Дос тапқанда сергек бол, досыңның көптігіне қарама септігіне қара

    Дос тіршілік тынысының бір бөлегі, өміріңнің өзегі. Қалай дос табыу, досқа қандай талғампаз болу ерекше сергектікті қажет ететін киелі іс. Досқа адал болған абзал. Солайда дос тапқанда аңғалдықа салынуға да болмайды. Ондада өзіндік ˂˂қулық˃˃ болуы, өзіңе лайықтысын таңдап алу керек.

    Дос табудың жолы тар, досың көп болса өрісің кең. Дос тіршілік тынысындағы кемітіуге, жоғалтуға болмайтын тірек, бұрын да, қазірде болашақта да адам үшін достың орны бөлек. ендеше, осы досты табыуға қашанда ˂˂әдіс-амал˃˃ мен ой жарысы қажет. Бүл ұшін мына түйіндерге көңіл бөлу қажет.

    1. Досың аз болсада саз болсын

    Досыңның көптігіне емес септігіне қара, біреуде болса бірегей болсын ╾ дейді. 

Бұл көнелердің дос табу сабағындағы қорытқан тәжірибе сабақтары. Ел айтады ғой: ˂˂досың қанша көп болғанымен, көңіліңді табатындар саусақпен санарлық˃˃ ╾ деп, нағыз сыралғы дос табу расында қиын-ақ.

     Қоғамда көп дос табуды даңық сезінетін талғамай достасатын адамдар шынында бар. Қаттырақ айтқанда, бұл достасу емес, келсе-келмес барыс-келіс орнату деген сөз. Нағыз достар бір-бірін пайдалану үшін емес, қайта бір өскелең мұрат негізінде, өзара көмектесу, бір-бірінің тұрмысына шаттық бағыштау, достық қатынас арқылы өмірге мерей-бақыт сыйлау үшін достасады.

    2. Дос тапқанда алаңасарлықтан аулақ бол

    Дос табуға айрықша қатаң позиця ұстануға тиісіз. Дос тапқанда әсте аңғалдық істемеу, қарсы жақтың идеясын,әуесін,ынтасын, мінез-құлқын, іс-әрекетін  мұқят бақылап мықтап ой таразысына салып көру қажет. әрине, бұл арада тапқан досың сөз жоқ бес аспап болсын дегенді дәріптемейміз, сыр алғы дос болғанға не жетсін. Конфу́ций: өресі өзіңе жетпейтін адаммен достаспа ╾ дейді.

    3. Дос таңдағанда айрықша абай бол 

    Дос таңдағанда ең әуелі өзіңнің өлшемің болсын. Мінезді, ақ еділ басқаларға шын ықыласты жәрдем көрсете алатын, қажымай-талмай алға ұмтыла білетін адамдармен достасуың қажет. осындай дос қана нағыз пайдалы дос бола алады, тірлікте өзіңе көп ес қататын болады.