Саясат
ІІМ министрі жауап берді
22 ақпан күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған митингтерде ұсталған азаматтар туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді.
«22 ақпан күні ҚР Бас прокуратурасының ескертуіне қарамастан еліміздің кейбір қалаларындағы азаматтар заңсыз митингтерге шықты. Сол себепті құқық қорғау органдары, атап айтқанда полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп рұқсат етілмеген минтингілердің алдын алу үшін шараларын қабылдады. Полиция 53 адамды ұстады. 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 адам әңгімелесуден кейін босатылды. Митингтер негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында өтті», - деді министр.