Экономика

Қазақстанда қытайлық тауарлардың бағасы қымбаттайды

Юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы да себеп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коронавирус кесірінен Қытай валютасы құлдырап жатыр. Бұның арты қытайлық тауарлардың жаппай қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Қор биржасындағы сессияға сай, 1 юань 53 теңгеге тең. Яғни қытайлық ақша соңғы айларда бірден шамамен бес теңгеге арзандаған. Қытай ақшасының әлсіреп жатқаны елімізге кері әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар. Өйткені мұнда өндіріс көлемі азайып, экспорт қысқарып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанға келетін Қытай өнімдері де төмендеп кетуі ықтимал. Ал тапшылық бар жерде құннын да шарықтайтыны белгілі. Сондықтан «Made in China» жазуымен келетін түрлі техника, киім-кешектен бастап жеміс-жидекке дейін сәл қымбаттауы ғажап емес. Ал юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы да себеп дейді мамандар.

«Қытай юаньнінің әлсіреуі қазақстандық тасымалдаушыларға кері әсерін тигізеді. Олар арзан валютаға сатады ғой, сондықтан табыс азаяды. Ал Қытайдан келіп отырған тауарлар белгілі бір дәрежеде қымбаттайды. Бұл жерде импортпен айналысып отырған азаматтарға табыс бар деген сөз», - деді экономист Мақсат Халық. 

kznews.kz