Саясат
Кереғар көзқарас немесе Сирияның тағдыры
Америкалық әскерлер Сириядан шығарылған соң түріктер Күрд күштеріне шабуыл жасаса экономикалық соққы беретіні туралы айтқан Дональд Трамптың бопсасын Түркия президенті жоққа шығарды. «Түркияға экономикалық жағынан қатер төндіріп ештеңе ұтпайсыз»,-деді Сыртқы істер министрі Невлүт Чавушоглу.
Айта кетейік, жексенбі күні Трамп твиттер әлеуметтік желісінде Сияриядан АҚШ әскерлерінің шығарыла бастағанын, егер Түркия күрдтерге шабуыл жасаса, Түркияға экономикалық соққы беретінін жазған болатын. Сондай-ақ, Сирияда қалған кез келген ислам мемлекетінің жауынгеріне әуеден шабуыл жасалатынын және ұзақтығы 20 (32) шақырым болатын «қауіпсіз аймақ» құрылуы мүмкін екенін айтты. Бұған дейін америкалық күштер Ирак және Левант ислам мемлекетіне (ИГИЛ)) қарсы Сирияның солтүстігіндегі Күрд милициясымен бірге шайқасты. Алайда, Түркия күрдтердің халықтық қорғаныс бөлімшелерін (YPG) террористер деп санайды.
Желтоқсан айында Трамп Ирак және Левант ислам мемлекеті (ИГИЛ) «жеңіліске ұшырағаны» себепті АҚШ әскерлерінің Сириядан шығатыны туралы айтқан. Күтпеген хабар одақтастар арасында түсінбеушілік туғызды. Көп ұзамай америкалық бірнеше аға әскери шенеуніктер отставкаға кеткен болатын. Сириялық Демократиялық күштердегі (SDS) күрдтер АҚШ өз әскерін шығарғаннан кейін Түркияның шабуыл жасау ықтималдығына алаңдаушылық білдірді.
Алайда, Трамп Түркияға экономикалық соққыны қалай жасайтыны туралы баяндамаған. Мемлекет хатшысы Майк Помпео Трамптың төндіргелі отырған қауіп-қатері туралы: «Оны президенттен сұрауларыңызға тура келеді... Біз көп жерге экономикалық санкция салдық. Меніңше, ол кісі осы туралы айтып отыр»,-деді. Ал Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоглу: «Біз ешқандай қатерден қорықпаймыз»,-деді. Ол сондай-ақ Трамптың ісін сынға алып: «Стратегиялық альянстар твиттер немесе өзге әлеуметтік желілерде талқыланбауы керек»,-деп баса айтты. Сонымен бірге Түркия президенті Режеп Таип Ердоғанның ресми өкілі Ибраһим Калин АҚШ «стратегиялық әріптестікке құрметпен қарайды» деп ойлайтынын айтты. «Террористер сіздің серіктесіңіз не одақтасыңыз бола алмайды», - деді ол. Трамптың твиттердегі соңғы жаңалықтары алдында Помпео мырза Чавушоглу мырзамен телефон арқылы әңгімелескенін және «оптимистік» көзқараста екенін білдірді. Помпеоның айтуынша, АҚШ «түрік халқының құқығы мен Ердоғанның өз елін лаңкестерден қорғау құқығын» мойындайды. «Біз сондай-ақ осы уақытқа дейін бізбен бірге соғысқандар да қорғалуға лайық деп ойлаймыз»,-деді ол. Таип Ердоған Американың күрдтердің халықтық қорғаныс бөлімшелері (YPG) милициясын қорғауын қолдамайтынын білдірді және оны құртуға уәде етті. Чавушоглуның айтуынша, Түркия «қауіпсіз аймақ» идеясына қарсы емес, «Сирияны бөлуге тырысатын террористік ұйымға» қарсы.