Денсаулық

Ақпарат тексерілді. Сарымсақ коронавирустан шынымен де қорғай ма?

Фейк: Жақсылық Досқалиев коронавирустан қорғану туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрi, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі Жақсылық Досқалиевтің коронавирусқа байланысты тұрғындарға берген «кеңесі» тарап жатыр.

Аудионың мәтіні мынадай:

Баршаға арналған ақпарат. Коронавирусқа қарсы ең сенімді құрал – сарымсақ. Әр күні таңертең ештеңе ішпей, жемей тұрып мынадай процедураны орындау қажет: Бір немесе екі бас сарымсақты алып, оны майдалап, дәрі секілді сумен ішесіз. Шайнауға болмайды! Біріншіден, жағымсыз иіс шығады, екіншіден, әсері мүлдем басқа болады. Егер сарымсақты шайнағыңыз келсе, түнде істеңіз. Онда қиындық жоқ…

Ал сарымсақты таңертең сумен ішсеңіз қанды тазартады, ол процестерге антивирус болады. Бұл – біріншіден.

Екінші тәсіл – ыстық су. Қарақат пен таңқураймен ыстық шәй ішу керек. С витамині көп болады. Күні бойы ыстық су ішіңіз. Коронавирус 45 C-тан жоғары температурадан қорқады. Сол себепті шәйдің ыстық болғанын қадағалаңыз.

Енді коронавирустың өзіне келейік. Егер тұмау болса – вирус емес. Ал құрғақ жөтел болса коронавирустан қауіптене беріңіз.

Сондықтан сақ болыңыз, емделіңіз және менің айтқандарымды таратыңыз (орысшадан аударылды)

Үкім: Жалған

Factcheck.kz редакциясы Жақсылық Досқалиевтің өзіне хабарласты. Ол аудиожазбаны таратқан өзі емес екенін, сонымен қатар ондағы дауыстың да өзіне ұқсамайтынын жеткізді. (аудиожазба редакцияда бар)

Жақсылық Досқалиев: «Дауыс менікі емес. Мен мұндай ойға қонымсыз дүниені айтпаймын. Ол - менің атымды жамылған арам пиғылды адамдардың әрекеті».

Сонымен қатар бұрынғы Денсаулық сақтау министрі коронавирустан қорғану үшін жеке гигиена талаптарын сақтап, маска тағып жүрген абзал екенін айтты және коронавирус тарап жатқан елдерге сапарды шегере тұруға кеңес берді.

factcheck.kz