Саясат

Ұлттық кеңестің жаңа құрамы таныстырылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды. Бұл туралы Қазақстан президенті әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы AkordaPress хабарлады.

Ұлттық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков және журналист  Ләззат Қожахметова, заңгер Айнұр Сәбитова кірді.

Ал ротация аясында кеңестің құрамынан Э.Әзімова, А.Саин, Б.Палымбетов, А.Шораев, Б.Бұқарбай, А.Әміртаев шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылға 12 маусымда құрылып, оның алғашқы отырысы 2019 жылға 6 қыркүйекте өтті. 

AkordaPress-тің хабарлауынша, ұлттық кеңестің үшінші отырысы 2020 жылдың сәуірінде өтеді.