Bugin
Әлі келген жоқ
Әлеуметтік желілерде таралған коронавирус оқиғасын тіркеуге байланысты адамдарды "Шымкент Плаза" сауда орталығынан эвакуациялау туралы видео шындыққа жанаспайды.
Бүгін сағат 10-00-де аталған сауда орталығында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру қызметі жоспарлы жаттығулар өткізгені анықталды. Мұны көрген кейбір әлеуметтік желі қолданушылары желі арқылы елге коронавирус анықталды деп ақпарат таратуда.
Қазірде сала мамандарыШымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына желі арқылы негізсіз ақпаратқа назар аударып, бөліспеуін және тек ресми мәліметтерге ғана сүйенуге шақырып отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының дерегінше қалада әлі коронавирус инфекциясы тіркелмеген.