Саясат

Кеңес мені пайдаланды - Арман Шораев

Белгілі кәсіпкер кеңестен кетуін ешқандай да хайп емес деді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Арман Шораев Ұлттық сенім кеңесінен не себепті шыққанын түсіндірді.

«Мен ұлттық сенім кеңесінің мүшесі бола жүріп, ешқашан мақтау айтқан емеспін. Ұлттық кеңес – уақытша құрылым. Уақыт өте келе, жабылады. Кеңес билік пен халық арасындағы байланыс құралы ретінде мені толық пайдаланды, өз миссиямды 200 пайыз орындадым деп есептеймін. Құрамнан шығатынымды Жаңа жылға дейін мәлімдегенмін. Өзімнің орныма бірнеше адамды атадым және соның бірінің аты-жөнін кеңес құрамынан көрдім. Осыған қуаныштымын. Менің ойымша, сөзұстар басқа да азаматтар бар. Мәселен, Жасыл энергетика ассоциациясының жетекшісі Арман Қашқынбаев кеңес құрамына кіргеніне қуаныштымын.

Ұлттық кеңеске мүше болу жайында ешқандай арыз жазған емеспін. Соған сәйкес, шығу жөнінде де арыз жазған жоқпын. Тек ауызша ғана келістім. Бірақ бұдан хайп жасаған жоқпын. «Көпірлерді өртеу» маған ұнамайды. Өйткені бізде келісім жүргізетін басқа билік жоқ», - деді. 

nege.kz