Weekend

Жер бетіндегі тіршілік Тұран даласында пайда болған - Рахман Алшанов

Белгілі ғалым сенсациялық мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Жер бетіндегі тіршілік Тұран даласында пайда болған». Белгілі профессор Рахман Алшанов осындай сенсациялық мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, Жер планетасына құлаған алғашқы астероидтардың іздері Қазақстан аумағынан табылған. Ғалымдар төрт бірдей ірі кратерді анықтапты. Олар Ақтөбе түбінде, Балқаш көлі мен Арал теңізі маңынан анықталған. Профессор зороастра дінінің қасиетті кітабы «Авестаны» зерттей келе, жердегі тіршілік атаулы Тұраннан тараған деген тоқтамға келгенін айтады.

Рахман Алшановтың сөзінше, «Авеста» – діни кітап қана емес, апат тарихы хронологиялық тәртіппен жазылған ғылыми еңбек. Сондықтан осы еңбекті негізге ала отырып, «Жиырмасыншы мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты өз еңбегін жарыққа шығарды. Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор: – 4,5,6 мың жыл бұрын болған оқиға «Авестада» жазылған екен. Соның барлығы біздің жерде болған. «Авестаны» жазған адамның өзі Орал теңізінің жағасында өскен, яғни солтүстік Тұранда туып-өскен.

nege.kz