Weekend

Әуезов театрының жаңа басшысы тағайындалды

Әуезов театрына Еркін Жуасбек келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министр Нұрғиса Дәуешов «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК ұжымына министр Ақтоты Райымқұлованың арнайы бұйрығымен келіп, жаңа директор тағайындады.

5 наурыздан бастап театрымызға өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек басшылық етеді.

«Сәттілік тілейміз! Талай жыл қызмет етіп, осы жердің өсу-өркендеуіне атсалысып келе жатырсыз.  Жалпы Қазақстанның театр өнері саласында еңбегіңіз орасан зор. Соны министрлік өте жақсы бағалап, өзіңізге деген үлкен жауапкершілік, сенім артып, театрдың дамуына үлес қосады деген ниетпен сізді тағайындауды жөн деп санады. Қызметіңіз құтты болсын. Бұл лауазымнан көрі, артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Ұжыммен бірге жемісті қызмет етеріңізге сенеміз», – деп вице-мипнистр жаңа басшыға министрліктің тарапынан бірнеше тапсырма берді.

Ресми тағайындаудан кейін, театрымыздың абызы, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов сөз алып, былай деді:

«Басшылыққа рахмет. Еркін – өзімізде өскен, қызметін адал атқарған азамат. Театрды біледі. Алдағы уақытта абыроймен жұмыс істейді деп үміттенеміз».

Әуезов театрына директор болып тағайындалған жаңа басшы ұжымның алдында сөз берді:

«Сіздермен қатарласа қызмет істеп, бар тәжірибем мен білімімді осы театрдың абыройын асқақтатуға саламын деген сөзіме сенулеріңізді сұраймын. Маған сенім білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға рахмет! Осыған дейін қалай жұмыс істесем, бұдан кейін де терең, мағыналы еңбек етуге тырысамын. Басқа айтарым жоқ». 

nege.kz