Hi-Tech
Жетістіктің сыры
Әрбір туынды көңіл көкжиегіңізді кеңейтіп, болашаққа бағдар жасауға септігін тигізеді.
Ендеше, әлем шығармаларында қамтылған пайдалы кеңестермен таныс болыңыз:
▪︎ Мүмкіндікті бағалаңыз.Оны жүзеге асыра біліңіз.
▪︎ Кругозорыңызды кеңейтіңіз.
▪︎ Табысқа апарар жолды іздестіріңіз.
▪︎ Өмірлік мақсаттарыңызды жоспарлаушы болмаңыз. Жоспар айқындылықты күшейткенмен, сізді жолыңыздан жаңылыстырады.
▪︎ Өзіңізді төмен бағаламаңыз.
▪︎ Кез келген тұлға қабілетті болып келеді. Бірі-тумасынан, бірі-қоршаған ортасының әсерінен.
▪︎ Сіздің көңіл-күйіңіз стресстен құтылуыңызға жол ашады.Сол себептен, күлімдеңіз.
▪︎ Ортаңызды қабілеті жоғары жандармен толықтырыңыз.
▪︎ Шешім қабылдамас бұрын, жан дүниеңізге құлақ асыңыз.
▪︎ Сын қабылдаудан қорықпаңыз.
▪︎ Ой таразысын тазалап тұрыңыз.
▪︎ Бірнеше жұмысты бір уақытта атқаруға тырыспаңыз.Әуелі маңызды ісіңізбен айналысқаныңыз дұрысырақ.
▪︎ Мидың міндеті-ойлау.Алайда, ол кейде арнасынан ауытқиды.
▪︎ Жеңіс тұғырынан көрінуге тырысыңыз және жақсылықтан күдер үзбеңіз.
▪︎ Белсенді тыңдаушы болыңыз.
▪︎ Әрбір тұлғаның айтқан кеңестерін іштей саралап, бір қорытындыға келіңіз.
▪︎ Өзгеру үшін тәртібіңізді емес, мінезіңізді түзеңіз.
▪︎ Қарым-қатынаста ашық-жарқын болғаныңыз жөн.
▪︎ Жүрек тазалығын сақтаңыз.