Ауылымды сағындым...
Бет қаритын аязына қарамай,
Биік жардан сырғанадық шанамен.
Бала күнді қайтаратын кез келсе,
Әлі талай сырғанауға барар ем.
Шіркін деші...
Сол ауылда бала болып қалар ем..
Ойын ойнап кірге кезде даладан,
Бойымызға үй жылуы тараған.
Пырылдаған кербез мысық бар еді,
Пештің қасын меншігіне балаған.
Қайран үйім..
Өшпес менің санамнан!
Жазы қандай -барқыт көгін жамылған,
Әр аулада салма құрты жайылған.
Ауылымның көшелері қандай-ды,
Тізбектеліп , қатар –қатар тараған.
Ауылым –ай...
Жүрегімді сағынышқа ораған!
Күзі қандай -бақша жинап, шөп буған,
Қыстың қамы – үйме-үйме қап тұрған.
Жастарыда сауық құрып, ән айтып,
Құрбы-құрдас келер таңды атырған.
Жастық шағым...
Сені сондай сағынам!!!
Көктемің ше, жылғаларың су толған,
Балақайлар таяқ мініп, ат болған.
Қараңғы түн келе жатсам мүлт кетпей,
Аттап өтер әр шұңқырды ұмытпан.
Кереметі шөлім қана ішкен су,
Мұздай болып ағып жатқан құдықтан.
Ауыл іші- берекесі ұйыған,
Жақын болып кеткен артық туыстан.
Саф ауаңды аңсағанда кей бір кез
Өкпе қысып, шыны керек тұншыққам.
Қара шаңырақ аталсада-әппақ үй,
Әппақ үйім - сені қатты сағынам!!!
Нугыманова Камшат Абылгазиновна.