Bugin

Мұнай бағасының төмендеуі рубльдің құлдырауына алып келді

Мұнай бағасы төмендеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүйсенбі күні Азия базарларында мұнай бағасы 31%-ға арзандады. Бұл жағдай жұма күні ОПЕК елдері басқа мұнай өндірушілермен өндірісті қысқарту туралы келісімге келмегеннен кейін орын алды. Мұнай бағасы арзандаған соң, рубль де құлдырай бастады.

Bloomberg-тің хабарлауы бойынша, ірі мұнай өндірушісі ОПЕК-тің құрамына кіретін Сауд Арабия ресми мұнай бағасының төмендегенін жариялаған. Содан кейін Brent маркасының бағасы барреліне 31 долларға дейін төмендеген. Таңертең Brent бағалары 32,6 доллар болған.

Әлемдік нарықта коронавирустың пайда болуына байланысты мұнайдың артық мөлшері пайда болған екен. Бірақ та мәміле сәтсіз аяқталғаннан кейін, мұнай өндірушілер оны алып тастай алмай отыр. Оған қоса, бұрынғы келісімдер бұдан былай жүзеге асырылмайтын болғандықтан, 1 сәуірден бастап мұнай өндіруді шектеу бойынша барлық міндеттемелер жойылады. Ақпан айының соңында Brent маркасының бағасы барреліне шамамен 50 долларды құрады. Ал 6 наурызда өндірісті қысқарту туралы ОПЕК келісімінің құлдырауы туралы белгілі болғаннан кейін, ол 9 пайызға төмендеп, 45 долларға жеткен еді.

Bloomberg-тің айтуынша, бұл Парсы шығанағы соғысы жалғасқан 1991 жылдан кейінгі мұнай бағасының ең тез құлдырауы. Сонымен бірге Агенттік Goldman Sachs болжамына сілтеме жасап, оған сәйкес мұнай бағалары құлдырауын 20 $-дан 30$- ға дейін жалғастыруы мүмкін деп есептейді.

Дүйсенбі күні таңертең мұнай бағасының құлдырауынан кейін Азия нарықтары күрт төмендеді: Никкей индексі 5%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 3,5%-ға, австралиялық ASX 200 6%-дан төмен түсті.

Рубльдің құлдырауы

Мұнай бағасы Ресей экономикасы үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Оған себеп, рубль бағамы бағасы көбінесе оған байланысты. Наурыздың басында Президент Владимир Путин сол кездегі баға деңгейі (барреліне 50 доллар) Ресей үшін қолайлы болатынын атап өтті. Өйткені елдің бюджеті бір баррель үшін 42,4 доллар деңгейінде  тұрақты болып саналды. Бағалардың осы көрсеткіштен едәуір төмен түсуі, Ресей валютасының бағамына нұқсан келтіруі мүмкін.        

Сенбіде Ресейдің Орталық банкі рубль бағамын АҚШ доллары үшін 67,5 рубль деңгейінде белгіледі. Ал дүйсенбіде Ресей нарықтары демалыс күндеріне байланысты жабылады.

Дегенмен дүйсенбі күні таңертең , халықаралық валюта нарығында мұнай бағасынан кейін  рубль құнсыздана бастады.  Доллар болса, 74 рубльге дейін қымбаттады. Бұл американдық валютаның 2016 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіші болып табылады.  Еуро 85 рубльден жоғары саудаланады. Ресейдің кейбір банктері дүйсенбіге қараған түні рубльді түсірді.  Мысалы, Alfa-Bank веб-сайтында ставка 75 рубль тұрды.  Райффайзенбанк долларды 75,1 рубльден сатады.

Дүйсенбі күні таңертең Орталық банк 30 күн ішінде ішкі нарықта шетел валютасын сатып алмайтынын мәлімдеді.  Валютаны сатып алу энергияның салыстырмалы түрде жоғары бағалары кезеңінде резервтерді толықтыру үшін қажет. Сонымен бірге рубльдің шамадан тыс қымбаттауына жол бермеу үшін қолданылады.

Jсы орайда Ресей Қаржы министрлігі, Ұлттық әл-ауқат қорының қаражаты 6-10 жыл ішінде мұнай бағасының баррелі үшін 25-30 долларға дейін түсетін бюджеттік шығындарды жабуға жеткілікті болады деп уәде берді.

Мәскеу биржасының бақылау кеңесінің төрағасы Олег Вюгин мырза болса, «МФ-тің қаражаты үш жылға ғана созылады» деп айтты. Оның пікірінше, егер мұнай бағасы 2020 жылдың соңына дейін шамамен 30 доллар деңгейінде қалса, Ресей экономикасы рецессияға түседі.

Fitch табиғи ресурстар және тауарлар тобының аға директоры Дмитрий Маринченконың хабарлауынша, мұнай бағасының барреліне 30 долларға дейін түсуі, Ресей Федерациясына бюджет тапшылығы және девальвация қаупін төндіреді екен. «Мәскеу үшін мұнай бағасының 30 долларға дейін түсуі - бұл өте жағымсыз тосынсый». Сонымен бірге доллар бағамының бір рубльге көтерілуі, бюджетке қосымша 70 миллиард рубль мұнай мен газдан түсетін табыс әкелуі мүмкін. Өйткені  мұнайдың рубльдік бағасы өсіп келеді екен.