Саясат
Сирия мәселесі
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Идлибтегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты НАТО-дан қосымша көмек сұрады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Түрік басшысы Сириядағы жағдай барлық еуропалық елдер үшін қауіпті деп мәлімдеді.
- Еуропаның бір де бір елі Сириядағы гуманитарлық жағдайға бей-жай қарауға құқылы емес, - деді ол НАТО бас хатшысы Йенсем Столтенбергпен кездесуден кейін баспасөз конференциясында.
Ердоған Түркияны "Ислам мемлекетімен" (Қазақстанда тыйым салынған террористік топ) шайқасқан Солтүстік Атлант альянсінің жалғыз мүшесі деп атап, соның нәтижесінде көптеген сарбаздарын жоғалтты деп мәлімдеді.