Спорт

ЕВРО-2024 Германияда өтеді

Екі ел ғана өздерінің кандидатураларын ұсынған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Евро-2024 өткізу мәртебесін Түркиямен кандидаттықа түскен Германия жеңіп алды. Бұл УЕФА шешімі.

 

Германия 1998 жылы бұл мәртебеге бір рет ие болған. Одан бөлек 2006 жылы Әлем Біріншілігін де өткізіп үлгерді. Зидан Матерацциді баспен нокаутқа жіберген кезі естеріңізде болар.

УЕФА әр 12 заңдылық пен үйлесімділікке бағына отырып сараптама жұмысын жасай келіп, 2024 жылы өтетін Евро ойындарын Германия алуға лайық деп тапты.

 

ГЕРМАНИЯ ТҮРКИЯНЫ ҚАЛАЙ ҰТТЫ?

Германия жіберген ұсыныс бойынша, олардың 10 алаңдары дайын. Ешқандай алаң не жөндеу жұмыстарын жасаудың қажеті жоқ. Бәрі де сақадай сай тұр. Ал Түркия ұсынған өтініште 8 аренаға дайын болып шыққан және жөндеу жұмыстары керек делінген. Осы жағдайды ескере отырып, УЕФА жеңісті немістердің қолына ұстатты.

 

Жалпы есеп бойынша 17 адам дауыс беруге қатысқан. 12 адам Германияға, 4 адам ғана Түркияға дауыс берген, 1 адам қалыс қалған.

 

Германияның қонақтар мен ойыншыларды қабылдайтын 10 стадионы:

 

1.     Берлин. Олимпиадалық стадион – 74461 адам

2.     Мюнхен. Альянц-Арена – 70076 адам

3.     Дортмунд. Вестфаленштадион – 65849 адам

4.     Гельзенкирхен. АуфШальке аренасы – 54740 адам

5.     Штутгарт. Мерседес-Бенц аренасы – 54697 адам

6.     Гамбург. Фолькспаркштадион – 52245 адам

7.     Дюссельдорф. Эсприт аренасы – 51031 адам

8.     Кельн. Мюнгерсдорфер – 49827 адам

9.     Лейпциг. Ред Булл аренасы – 49539 адам

10. Франкфурт. Вальдштадион – 48387 адам

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61