Саясат
Министрлердің жұмыстарының кемшілігін атады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПремьер-министр кезекті үкімет отырысы барысында министрлердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
"Мәселен, көлікті онлайн тіркеу немесе жүргізу куәлігін алу қызметі бар дейді. Басқа көрсетілетін қызметтердің саны көп те емес. Неге? Бұл тиімді нәрсе. Халық сонда қаншалықты тиімді екенін білмей отыр ма?! Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы биыл ІІМ арқылы қанша көлік тіркеуден өтті?", — деп сұрады Бақытжан Сағынтаев.
Ішкі істер министрі өз кезегінде биыл 2,5 миллион көліктің тіркеуден өткенін айтты. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, тағы жеті мемлекеттік қызмет түрінің жыл соңына дейін онлайн нұсқасы пайда болатынын жеткізді.
"Жоқ, онлайн тіркелген көлік түрін айтамын. Слайдта 4 639 ғана қызмет көрсетілді деп жазылған. Тіпті, 2,5 миллион өткен болса да, түк те емес. Орысша айтқанда, "не дорабатываем", — деді Бақытжан Сағынтаев.
Бұдан соң Бақытжан Сағынтаев "Бұл қызметті енгізгенімізге екі ай ғана болды" деп ақталған Дәурен Абаевтың сөзін бөлді.
Оның айтуынша, құжат бойынша аталған қызмет түрі 2018 жылдың маусым айынан бастап енгізілген. Сонымен бірге, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қолжетімділік мәселесіне назар аударуды сұрады.
Сағынтаевтың сөзіне құлақ түрсек, онлайн қызмет түрі енгізілгенімен, халық бәрібір де ХҚКО-ға барып кезекке тұрып жатыр. Оны бармай-ақ үйінде ұялы қосымша арқылы ала беруіне болады. Оның үстіне қажеттісін пошта арқылы да әкеліп береді. (…) Адаммен жүзбе-жүз көріскен кезде барлығының түсінікті болатыны сөзсіз. Бірақ, халық интернетке кіріп ешнәрсе түсінбей отыр. Көлік немесе автобусқа мініп, қызмет көрсету орталығына барады. Ақпаратты түсіндіру жұмыстары нашар екенін айтып ескерту жасады.
Бұдан өзге премьер-министр 2019 жылы жаңа форматқа ауыстырылуы тиіс мемлекеттік қызметтердің тізбесін жасауды тапсырды. Орталық және мемлекеттік органдардың барлығы осы тізбе жасалғаннан кейін уақытылы шаралар қабылдауы тиіс. Жол карталарын әзірлеу және ведомствоаралық тиімді өзара жүйелерді біріктіруді қамтамасыз ету міндеті премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке жүктелді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61