Пандемия – жеңіл айта салатын сөз емес - на bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на bugin.kz Салтанат Шынәділ

ДДСҰ коронавирусқа қатысты не дейді?

11 наурыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирусты «пандемия» деп жариялады. Бұған әлемнің 110-нан астам елінде 118000 адамның осы ауруды жұқтырғаны себеп болған.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте «Бұл – жай ғана қоғамдық денсаулық сақтау дағдарысы емес, бұл – әрбір секторға әсер ететін дағдарыс» деді. Осыны айта келіп ол әр адам мен әрбір сектор бұл күреске тартылуы тиіс екенін атап өтті. 

Қоғамда аурудың шектен тыс көбеюін эпидемия деп айтады. Осыған қарағанда, ДДҰ-ның жаһанға таралған жаңа ауруды пандемия деп атауы тегін емес. Декларацияда аурудың ауырлығы емес, оның тез таралуы сөз болған.

Бұған дейінгі баспасөз конференцияларында ДДСҰ-ның ресми тұлғалары коронавирустың пандемиялық әлеуеті бар екенін айтса да, оған нақты мұндай айдар тақпаған болатын. Қаңтар айында агенттік оны қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп атаған. Аурудың өзге мемлекеттерге де таралуы нәтижесінде, ол басқа мемлекеттегі халықтың да денсаулығына қауіп төндіріп отыр. 

Доктор Тедрос 11 наурыз күні: «Пандемия – жеңіл айта салатын сөз емес. Егер бұл сөзді дұрыс пайдаланбаса, адамдарда негізсіз қорқыныш тууы мүмкін. Сондай-ақ бұл сөз вируспен күрес аяқталғанын, қаншама адамды қайғы мен өлім күтіп тұр дегенді білдіреді», деген ойын айтты. 

- Ауруды пандемия деп жариялау ДДСҰ-ның коронавирусқа берген бағасын өзгертпейді, сондай-ақ агенттік пен адамдардың істеуге тиіс іс-әрекеттеріне ешқандай өзгеріс енгізбейді, - деді ол.


0 Пікір Кіру