Weekend
Ал сіз телефоныңызды тіркедіңіз бе?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЗаң бойынша ұялы байланыста жұмыс істейтін телефондар мен басқа да құрылғылардың иесі операторға өз ЖСН-ін немесе бизнес сәйкестендіру нөмірін заңды тұлға хабарлауы тиіс.
Дәурен Абаев ұялы құрылғыларды тіркеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлім етті.
"Неліктен ажыратпағанымызды сұрап тұрсыз ба? Бұл жұмыс қазіргі таңда авторизациядан өтпеген адамдармен тұрақты жүргізіліп келеді, барлық ұялы байланыс операторымен жеке жұмыс істеп жатырмыз. Біз қолайсыздық туғызғымыз келмейді, қайта адамдардың телефонды пайдаланғанын қалаймыз", — дейді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта абоненттер ұсынған деректер салыстырылып жатыр. Ол аяқтала салысымен шешім қабылданатынын айтып өтті.
Сонымен қатар, министр Қазақстандағы интернет желісіне қолжетімділік мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Ол "тұрақты жұмыс істемейтін интернет" туралы ақпарат жалған екенін айтты.
"Оқтын-оқтын техникалық себептер туындайды. Біздің тарапымыздан ондай жоқ. Министрлік мәселемен тұрақты айналысады, біз жеке өңірлерде, қалаларда әрбір оператордың байланыс сапасын бақылап отырамыз", — деді үкімет отырысының клуарында Дәурен Абаев.
Дәурен Абаев өзі үшін интернетке кірудің нақты кестесі жоқ екенін атап өтті. Ол кеше интернетке тоғыздың шамасында кіріп, ешқандай мәселе туындамағанын айтады.
Ақпарат министрлігі желінің жұмысына кедергі келтірмейтінін ескертті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61