Денсаулық

Венгрияда қазақстандық азамат коронавирус жұқтырған

Індет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Венгрияда коронавирус жұқтырған қазақстандық әйел ауруханаға түсті. 

2020 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Венгриядағы елшілігіне біздің азаматтардың біреуі Будапешт қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусқа күдікпен ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келді. Сынақ нәтижелері бойынша тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Қазір оның жағдайы тұрақты, ауруханада ем алып жатыр. Қазақстандық дипломаттар бұл мәселені ерекше бақылауға алды.