Денсаулық
Италия коронавирустың кесірінен қайтыс болған алғашқы 1016 адамның статистикасын жариялады
Қытайда пайда болған және бірнеше ай бойы әлемнің күн тәртібінде тұрған, өмір мен экономиканы тоқтатып тұрған коранавирус (COVID-19) Италияға тарихтағы ең ауыр күндерін өткізуге себепкер болуда.
17 наурыз күнгі дерек бойынша Италияда қайтыс болғандар саны 2503-ке жетті. Италия ұлттық денсаулық сақтау институты 13 наурызға дейін қайтыс болған алғашқы 1016 адамның өлімінің егжей-тегжейлі статистикасымен бөлісті. Сонымен, вирус кімдерге көбірек бағытталған? Мінекей, толығырақ!
Әлем үлкен соғыстың ортасында шешім іздеп жатқанда, коронавирустан өлгенрдер жалғасуда. Коронавирус (COVID-19) ауруы барлық елдерге, ең алдымен Қытайға, Иранға, Италияға, Испанияға, Францияға және АҚШ-қа таралды. Интенсивті карантиндік шаралардан басқа, елдер өздерінің халықаралық рейстерін тоқтатып, шекараларды жабады және коменданттық сағатқа жету үшін шұғыл шешімдер қабылдайды.
Осы дүрбелеңнің ортасында тұрған Италия екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өз тарихындағы ең ауыр күндерді басынан өткізуде. 2020 жылдың 17 наурызындағы жағдай бойынша Италияда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2503-ке жетті.
Италия ұлттық денсаулық инсттитуның жариялаған өлім статистикасы:
Сонымен 13 наурызға дейінкоронавирустың кесірінен қайтыс болған алғашқы 1016 адамның статистикасы:
80-89 жас аралығындағы өмірден озған адамдар;
Ерлер: 306 адам
Әйелдер: 139 адам
90 жастан асқан адамдар;
Ер адамдар: 50 адам
Әйелдер: 48 адам
0-38 жас аралығындағы адамдар арасында аурудан қайтыс болған ешкім болған жоқ. Жас деңгейінің өлім-жітім деңгейінің пайыздық мөлшерін қарастырсақ, жағдай айқынырақ болады.
Ауырған және өмірін жоғалтқандардың сандық қатынасы:
39-40 жас арасы: 0,1%
40-49 жас арасы: 0,1%
50-59 жас арасы: 0,6%
60-69 жас арасы: 2,7%
70-79 жас арасы: 9,6%
80-89 жас арасы: 16,6%
90 жастан жоғары: 19,0%
Коронавирустан өмірден озғандардың;
26,1% -да 1 (бір) ауыр ауру болған
25,7% -да 2 (екі) ауыр ауру болған
Олардың 47,0% -ында 3 (үш) немесе одан да ауыр ауру болған.
Тек 3 адамның ғана басқа ауруы болмаған.
Оларда қандай аурулар болған?
Коронавирустан өмірден озғандардың;
37,2% - Жүректің ишемиялық ауруы
26,5% -да атриальды дисритмия
8,2% инсульт, мидың ишемиялық ауруы
76,5% жоғары қан қысымы
37,3% қант диабеті
4,5% деменция
9,7% созылмалы өкпе ауруы
19,4% соңғы 5 жыл ішінде қатерлі ісік ауруымен ауырып жүргендер
2,6% бауыр ауруы
17,5% бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратындар
Коронавирустан өмірден озғандардың;
83% ентігу
80% жоғары қызба
45% жөтел
4% іш өту
4% гемоптиз (қан түкіру) шағымдарымен ауруханаларға жүгінді. Өмірден озғандардың 98,8% -ының тыныс алуы қиын болған.
Қайтыс болған ең жас екі адамның жасы 39-да еді.
Біріншісі - ер адам, оның психологиялық ауруынан бөлек, қант диабеті мен семіздігі болған.
Екіншісі – әйел, оның ісігі болған.