Bugin

103 жастағы қарт бір апта ішінде коронавирусты жеңе алды

Коронавирустан емделу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

France 24 сайтының хабарлауы бойынша, Иранның Семнан қаласында SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырған қарт әйел ауруынан жазылып кеткен. 103 жастағы ирандық әйел кісі ауруханада шамамен бір апта жатқан.  

Семнан медициналық ғылымдар университетінің басшысы Навид Данайидің айтуынша, бұл уақыт ауруды толығымен жеңуге жеткілікті болған. Бірақ та дәрігер оны қалай емдегенін ешкімге көрсетпеген екен.

Семнаннан шыққан бұл қарт короновирусты жеңген Ирандағы екінші егде жастағы адам болып отыр. Бірінші науқас дүйсенбі күні, яғни 16 наурызда Керман қаласынан келген 91 жастағы ер адам болған еді. Ол демікпе мен қан қысымының жоғарылығына қарамастан, үш күн ішінде короновирусты жеңе алған батыл жан. Олай дейтініміз, демікпе және қан қысымы аурулары коронавирустық инфекцияны тудыратын қауіпті  фактор болып саналады. Осы орайда ДДҰ-ның айтуы бойынша, SARS-CoV-2 коронавирусымен инфекция болған жағдайда, 80 жастан асқан пациенттердің 21,9 пайызы өліп кетеді екен. 

Соңғы мәліметтер бойынша жаңа коронавирус инфекциясы салдарынан 8,2 мың адам қайтыс болды, 204 мың жұқтыру оқиғасы анықталды. Олардың ішінде 82 мың пациент өз ауруынан сауығып кеткен.  

Дегенмен Иран індеттен зардап шеккен елдердің қатарына кіреді.  Онда инфекцияның 17 мың жағдайы анықталып, соның ішінде 1,1 мыңнан астам адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясы пациенттің мұрнынан немесе аузынан шығып, айналасындағы заттарға кішкентай тамшылар арқылы  жайылады екен. 

ДДҰ мәліметінше жұқтырған адамдардан бір метрден артық қашықтықта жүру керек. Оған қоса қолыңызды үнемі жуып немесе зарарсыздандырудырып тұру қажет.