Саясат

Біз қиындықты бірге еңсереміз!

Эльмира СОЗАҚБАЕВА, «Іскер әйел» қоғамдық қорының төрайымы:

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүние жүзін коронавирустың таралуына байланысты қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Дегенмен, Елбасының Үндеуі бүкіл еліміздегі азаматтарды біріктірді. Елбасымыз атап өткендей, бұл індетпен күресу – ортақ мақсатымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп атағаннан кейін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасаған болатын. Көп ұзамай Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады. "Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді.Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең" - деді. Сондықтан, осындай уақытта бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетуіміз керек. 

Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін алдымыздағы барлық қиындықтарды бірге еңсереміз! Келіп жеткен Наурыз мейрамы құтты болып, халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!