Саясат

Шымкентте COVID-19 бойынша алдын алу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Шымкент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы жанынан құралған мониторинг штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Штаб қызметкерлері күнделікті 24-сағат бойы COVID-19 бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтарға қоңырау шалу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізіп, мониторинг анықтайды.


Бұл жұмыс тобы  ағымдағы жылдың 16-шы наурыз күні Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Штаб мүшелерінің мониторинг жұмыстары арқасында шет елден келетін азаматтарды дер кезінде денсаулық жағдайын анықтау және алдын алу іс шаралары қарқынды жүргізілуде. 

Штаб қызметкерлерінің тарапынан Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысына сәйкес 1 А, 1 Б, санаттағы елдерден келген азаматтарды провизорлық стационардағы карантинді, үйдегі карантиндік оқшаулауды және медициналық бақылаудың мониторингісін жүргізеді. Қаладағы барлық медициналық ұйымдар бұл бағытта күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. 

Шымкент қаласы денсаулық сақтау саласы бойынша сұрақтарыңыз болса 39-33-47 және  1406 нөмірі бойынша  бірыңғай Call-center  хабарласуға болады. Ал егер Сізде немесе Сіздің туыстарыңызда тамақтың ауырсынуы, қызба, әлсіздік белгілері байқалса шұғыл түрде «103»  қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеміз.  Бұл өз кезегінде сіздің және сіздің жақындарыңыздың   денсаулығын қорғауға септігін тигізеді.