Әлем жаңалықтары
Sky News мәліметі
Әлемнің 41 мемлекетінде, кем дегенде, үш миллиард адам оқшауланып қалды, деп хабарлайды Sky News.
Мысалы, Италияда және Батыс Еуропаның кейбір басқа да бөліктерінде үйден шығу айыппұлмен жазаланады. Қытайда аурудың өршуінің бәсеңдеуіне байланысты соңғы аптада шектеу шаралары әлсіреді.
Кем дегенде, 35 елде мектеп наурыз айының соңына дейін жабылды. Жапония Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсыныстарына қарамастан, бұл тыйымды сәуір айында алып тастамақ. Көптеген елдерде бұқаралық іс- шараларға қарсы белгілі бір шаралар қабылданды.