Weekend
Растау
ХІХ-ХХ ғасырларда француз ғалымы Эмиль Куэ аффирмация туралы теорияны алғаш ғылымға енгізді. Оның айтуынша, егер адам күн сайын бір репликаны қайталаса, онда ол оның жеке басына деген көзқарасын анықтайтын жүйеге айналады.
Сондықтан болашақта адам үшін бұл сөздер шындыққа айналады. Осы орайда ғалым біздің миымызға енетін әрбір ой нақты және шыншыл болуға тырысатынын түсіндіреді. Оған қоса санамыздағы әрбір ой іс жүзінде көрінгісі келеді. Себебі адам санасы осылай бағдарламаланған. Сондықтан, егер адам шынымен бір нәрсеге қол жеткізгісі келсе, уақыт өте келе бұл іске асады.
Эмиль Кэ - бұл растау (аффирмация) тұжырымдамасын жасаушы. Және оның не екенін және қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Бірақ растаудың басты промоутері - Луиза Хей саналады. Ол американдық психотерапевт бола отырып, «Жаңа сана» бөлімінің басшысы болды. Ол сонымен бірге бестселлерге айналған 18 кітаптың авторы.
Луиза Хейдің ең әйгілі жұмыстарының бірі - «Ауру мен растау кестесі». Егер науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырса және дәстүрлі медицина көмектеспесе, ол осы кітапқа жүгіне алады.
Луизаның айтуы бойынша, егер біз санамыздағы өрескел ойларды өзгертсек, олардан болатын аурулардан арылуға болады. Осылайша аффирмация бізге жан-жақты көмектесе алатын жүйеге айналады.