Weekend

Гитлерге хат

Не туралы?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1941 жыл Германия. Немістің Йозеф Менгеле атты дәрігері концлагердегі тұтқындарға түрлі тәжірибе жасап жатқан кезі еді. 

Не керек осы жылдың қыркүйек айында Менгеленің зертханасына Ресейден алғашқы тұтқындар әкелінеді. Тең жартысы қыз келіншек екен. Дәрігер оларды тәжірибе алаңына әкеп біртіндеп көре бастайд. Көреді, көрген бойда Гитлерге суыт хат жазад:   

"Менің фюрерім. Мен сізге мына нәрсені айтқым келеді: Орыстармен соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл халықты жеңгеннің өзінде, оларды бағындыру оңай щаруа болмайтынға ұқсайды. Себебі – тұтқынға түскен орыс қыздарының түгелдейі бейкүнә..."   

Йозеф менгеленің мына хатын оқыдық және таңқалдық. Қызының абыройын сақтаған елді жеңу неге қиын болуы керек? Қыз пәктігімен соғыстың не қатысы бар деп ойландық. Кейін түсіндік. Қарапайым ғана мысал келтірейін. Көршінің қызы, ибалы, инабатты сол қызға бәз біреулер келіп балағаттап жатса немесе тиісіп жатса сіз не істисіз, тұрасызда әлгі қызды қорғаштап қаласыз. Бұл ісіңізді мақтауға болады.  Ал енді жағдай керісінше болса. Әлгі қыз кім көрінгенмен ыржалақтасып тұратын болса, суыт жүрісіненде хабарыңыз бар. 

Сіз не істейсіз, ұрып жатса әлгі қызды. Оқталып барасызда өзіне де сол керек деп қолды бір сілтейсіз.  Бұл ісіңізде мақтай алмаймын, бірақ ақтауға болады енді. Ал енді айналаңа қараңыз, көрші, әріптес, құрбы-құрдастарыңызға қараңыз, қайсысына көмекке ұмтыласыз, ал қайсысының жанынан өте шығасыз?