Bugin

Шымкентте қосымша шектеу шаралары енгізілді

Тыйым салынуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте де коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 28 наурызға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап, қосымша шектеу шаралары енгізілетін болады.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ арқылы жергілікті халыққа мәлімдеді. Шымшаһарда әуежай мен теміржол вокзалы авто бекеттердің жұмысы толығымен тоқтатылады. Автокөлік базарлары, азық-түлік жәрмеңкелері, мобильді телефон құрылғылар сататын дүкендер де жұмыс істемейді.

Енді қала тұрғындарына жеке және отбасылық іс-шаралары мен жиындар өткізуге қатаң тыйым салынады. Ал сауда нысандарына өз тауарлары мен қызметтерін сатуда онлайн режимге көшуді ұсынамын деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Тамақтану орындары кіреберісте клиенттердің температурасын бақылауға және қолдарын санитарлық тазартуға міндетті.

– Қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне сағат 10-нан 18-ге дейін шектеу енгізіледі. Ал сағат 18-ден 22-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын тағамдарды үйге жеткізу және өзімен алып кету режимінде жүзеге асырылады. Клиенттерді келушілер арасында бір бос үстел қашықтығы форматы бойынша, залда 50 адамнан аспай отырғызуға міндетті, - дейді қала әкімі.

Барлық сауда орындарына келушілер мен сатушылар да медициналық бетпердемен жүруі тиіс. Мұндай орындарда санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Ал қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат таңғы 6-дан кешкі 21:00-ге дейін шектеледі.