Bugin
Өлең
Қуаныш көп, бақыт жоқ,
Сағатым бар, уақыт жоқ,
Қанатым бар, ұшу жоқ,
Сағыныш бар, құшу жоқ,
Қайғыру бар, жылау жоқ,
Сүріну бар, құлау жоқ,
Ақылым бар, есім жоқ,
Өкіну мен өшім жоқ,
Танысу бар, бастау жоқ,
Бастадың ба, тастау жоқ,
Арызым көп, сөзім жоқ,
Сабырым бар, төзім жоқ,
Аяғым бар, жету жоқ,
Жетсем егер, кету жоқ,
Жүрегім бар, жылу жоқ,
Мен ұнатқан Сұлу жоқ,
Кездесу бар, сәлем жоқ,
Сенсіз маған әлем жоқ,
Ұнату бар, ұнау жоқ,
Айтшы, неде сұрау жоқ?
Қайғыру мен өкіну,
Жылауменен өкіру,
Біреуде бар, менде жоқ,
Елде мендей пенде жоқ,
Арулар көп, сендей жоқ,
Ақыл-көркі теңдей жоқ,
Сұрағым көп, жауап жоқ,
Жауапсызға сауап жоқ,
Өлеңімде нүкте жоқ,
Саған артар жүк те жоқ,
Сұлуым, маған таман жүр,
Соңы осы, аман жүр!