Weekend
Тіл жайында толғау
Тілімнен таптым бақытты,
Тілімнен таптым жұбаныш.
Тілімде бұғып жатыпты,
Тілімдей ғана қуаныш.
Тілімді тілсе тілер-ау,
Ойымды тіле алмайды.
Өзгенің тілін білер-ау,
Туғандай сүйе алмайды.
Тілініп тарих төрінен,
Кетпеді тіл деп өткендер.
Тіліңді көтер, тілді сүй,
Бір ауыз білмей өтпеңдер.
Қарға да тұр қарқылдап,
Абалап итше үрмейді.
Бірге қамап қойсаң да,
Иттің тілін білмейі.
Қозы да тұр маңырап,
Түйені барып ембейді.
Себебі тілі бойына
Ақ сүтпенен дендейді.
Тілім деп кеше айрылды,
Ахметтер жанынан.
Тіліңнің нәрін берді ғой,
Әкең бөліп қанынан.
Сүймесең тілді қан ұрсын,
Тіліңнің сынықтығынан.
Ұлтының ұлын танырсың,
Тілінің тұнықтығынан.
Анам деп тілді сыйладым,
Анам деп оны білемін.
Тілімді кімдер қорласа,
Тіліммен соны тілемін.
Өз тілін біліп өзгеше,
Сөйлегені – сүйініш.
Өз тілін білмей өзгеше,
Сөйлегені – күйініш.
Тіліңмен сөйлеп тумайсың,
Ана деп алғаш көргенде.
Тіліңмен тастап кетесің,
Өсиетті өлгенде.
Тіліңмен өртеп жүректі,
Тіліңмен емдеп жараны.
Тіліңмен мақтап ақтарды,
Тіліңмен сөктің қараны.
Тілімде бар құдірет,
Түсінсең ұғын сөзімді.
Анаңның тілін құрметте,
Кеңірек ашып көзіңді.
Көп созсам бұл том болар,
Қазірден ойды жинаңдар.
Өзгеге бірден секірмей,
Туған тілді сыйлаңдар!