Weekend

Шымкентте қосымша шектеу шаралары басталды

Тонометр орнату

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 28 наурызында түнгі сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілгені белгілі. 

Осы орайда, барлық мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық тамақтану орындарының қызметі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, Шымкент қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының кіреберістерінде клиенттердің температурасын бақылауға арналған байланыссыз тонометр болуы тиіс.

- Бұл қоғамдық орындардың қатарында кафе, мейрамхана, қонақүйлерде орналасқан тамақтану орындары, көше бойындағы фаст-фуд, кофейня, балмұздақ, құйылмалы алькогольдік және алькогольсіз сусындар сату орталықтары және т.б. ғимараттар бар. Егер аталған нысандарда санитарлық нормалардың талаптары орындалмаған жағдайда қатаң шара қолданылып, қызметіне шектеу қойылатынын хабарлаймыз, - деп хабарлайды Шымкент қалалық әкімдігі.