Білім және ғылым

Күн фотосы: Тып-тынық Ай бейнесі

Жекелеген 50 мың фотосуреттің қосындысынан тұратын Айдың мінсіз суреті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көрер көзге бұл фотосурет Айдың өз орбитасынан түсірілгенге қатты ұқсайды. Бәрі егжей-тегжейлі: әрбір кратер, әрбір сәуле Жердің жасанды серігінің дәл көз алдында тұрғандай әсер қалдырады.

Дегенмен, бәрі де бұлай емес. Бұл фотосурет Айдан нақ 384 400 км қашықтықта орналасқан АҚШ астрофотографы Эндрю Маккартидың үйінен түсірілген.


AY


Дәлірек айтсақ, бір ғана фотосурет емес, 50 000 фотосуреттің жиынтығы. Бала күнінен космосты бақылауды жаны сүйетін Эндрю бұл фотосуретті шығару үшін 1 айға жуық уақытын жұмсаған. Әрбір кратер, әрбір цирк, әрбір жұлдыз Маккартиден жеке-жеке фотосуреттерді талап етті.

Содан соң, арнайы программаның және едәуір қол жұмысының көмегімен фотосуретті жинап шығарды.

Нәтижесін өзіңіз бағалаңыз.


ay 2